Shejire

Николай Степанович Калачев

ТұлғаЖаңартылған: 14.09.2026

Николай Степанович Калачев (20 маусым 1908, Алматы облысы, Сарқант қаласы – 7 шілде, 1974, Алматы қаласы) – техника ғылымдарының докторы (1966), профессор (1968).

Өмірбаяны

Орта Азия институтын (1931, Ташкент) бітірген. «Гидроэнергопроект» ғылыми-зерттеу институтында жетекші, бас инженер (1931–44) Қазақ энергетика ғылыми-зерттеу институтында зертхана меңгерушісі (1944–74) қызметтерін атқарған.

Ғылыми еңбектері

Оның негізгі ғылыми еңбектері су энергетикалық кадастрларды жасау тәсілдеріне арналған.

Марапаттары

«Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

Шежіредегі орны