Shejire

Мұстафа Ысмағұлов

ТұлғаЖаңартылған: 14.09.2026

Мұстафа Ысмағұлов (1914 жыл, БҚО, Жәнібек ауданы - 1987 жыл, Алматы) — халық мұраларын жинаушы, зерттеуші.

Еңбек жолы

1930 жылы Қызылорда сауда техникумын бітірген. 1954 жылдан 1974 жылға дейін Қазақстан ҒА Философия және құқық институтында қызмет істеген. Ол Батыс Қазақстан өлкесінің өткен кезеңдері, тарихи тұлғалары туралы құнды деректер жинаған. Әсіресе Боғда, Еспай, Сейтек, Зәмзәм Есжанова, т.б. күйлерін таспаға жаздырған. 1982 жылдан Махамбеттің «Шашақты найза, шалқар күй» атты жинағын шығаруға ат салысты және оның домбырасын тауып, республикалық халық аспаптары музейіне тапсырды.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Мұстафа Ысмағұлов – зерттеуші, ғалым Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы. Мұстафаның ғасыры Мұрағатталған 15 ақпанның 2015 жылы. Оралда белгілі ғалым Мұстафа Ысмағұловтың 100 жылдығына орай арнайы шара ұйымдастырылды Мұрағатталған 2 желтоқсанның 2014 жылы.

Шежіредегі орны

Мәліметтер

тұлға
Мұстафа Ысмағұлов
Ұлты
қазақ
Жұбайы
Дүймағамбетова Сәнду
Қызметі
Халық мұраларын жинаушы, тарихи тұлғалар мен күйлерді зерттеуші
Балалары
Салтанат Мұстафақызы
Туған жері
Жәнібек ауданы
Туған күні
1914 (1914)
Азаматтығы
Қазақ КСР
Қайтыс болған жері
Алматы