Shejire

Михаил Ярославич

Шежіредегі орны
ТұлғаЖаңартылған: 14.09.2026
Mikhail Yaroslavich of Tverskoy and Xenia before Christ
Тверской (Троицкий) лицевой список Хроники Георгия Амартола · CC BY-SA 4.0

Михаил Ярославич (1271/1272 — 1318) — Тверь князі (1285 жылдан), Владимир ұлы князі (1305-1317). Ұлы князь Ярослав Ярославичтің баласы (екінші әйелінен). 1300 жылға дейін Мәскеу және Переясавль князьдарымен одақтаса отырып, Владимирдің ұлы князьдары Дмитрийге, кейін Андрейге қарсы күрес жүргізді. Бұлар Ноғай ордасының көмегіне сүйінді. 1300 жылы Михаил Ярославич ұлы князь Андреймен жақындасты, бұл оның Андрей өлімінен кейін 1305 жылы ұлы князь тағына отыруына жәрдемдесті. Михаил Ярославич митрополит Петрдің орнына өз адамын қоюға, Новгород жеріне де өз билігінн жүргізуге ұмтылды. Осыған байланысты Новгород пен Москва шіркеуі өзара одақтасып кетті. Михаил Ярославич орыс князьдарының ішінде бірінші болып «барлық орыс жерінің ұлы князы» деп аталды. 1317 жылы Өзбек хан Владимирдің ұлы князьдығындағы билікті Москва князы Юрий Даниловичке берді. Юрий театр әскерлерімен қоысылып, Михаил Ярославичке қарсы шықты. 1317 жылы 22 желтоқсанда Бортенево жанындағы ұрыста Михаил Ярославич жеңіске жеткенімен Өзбек ханның сотына баруға мәжбүр болды. Хан ставкасында Михаил Ярославичті Юрийдің малайлары өлтірді.

Дереккөздер

Михаил Ярославич
Unknown authorUnknown author · Public domain

Мәліметтер

тұлға
Михаил Ярославич
Діні
Православие
Анасы
Ксения
Әкесі
Ярослав III Ярославич
Жұбайы
Анна Кашинская
Ізашары
Святослав Ярославич Тверской
Ізбасары
Дмитрий Грозные Очи
Балалары
Феодора, Дмитрий Михайлович Тверской, Александр Михайлович Тверской, Константин Михайлович Тверской, Василий Михайлович Кашинский
Династия
Рюрикович әулеті