Shejire

Михаил Васильевич Хван

ТұлғаЖаңартылған: 14.09.2026

Михаил Васильевич Хван (20 мамыр 1931 жыл, Ресей, Хабаровск өлкесі – 13 тамыз, 1995, Алматы) – биология ғылымдарының докторы (1978), профессор (1986).

Өмірбаяны

Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (1956, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. Қазақ малдәрігерлік ғылыми-зерттеу институтында аспирант, кіші, аға ғылыми қызметкер, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары (1959–1983) болған. 1984 жылдан өмірінің соңына дейін қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университетінде ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Ғылыми еңбектері

Ғылыми еңбектері протозоология және арахноэнтомология мәселелеріне арналған. 3 авторлық куәлігі бар.

Дереккөздер

Шежіредегі орны