Shejire

Мергентөбе

ТарихЖаңартылған: 15.09.2026

Мергентөбе– көне бекініс орны. Түркістан облысы Арыс темір жол станциясынан солтүстік-батысқа қарай 15 км жерде. 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедиция (жетекшісі А.Н. Бернштам) зерттеген. Мекеннің құрылыс жүйелері әбден бұзылып, төбеге айналған орны ғана сақталған. Қазба жүргізу нәтижесінде табылған құты, құман, саптаяқ сияқты қыштан жасалған ыдыстардың сынықтарына қарағанда, Мергентөбе б.з. 1 ғасырнда өмір сүрген қаңлы тайпаларының мекенжайы болған. Олар егін егіп, мал шаруашылығымен айналысқан.

Дереккөздер