Мерейтау
ТарихЖаңартылған: 15.09.2026
Мерейтау - Сарқант ауданы Лепсі кентінен 13 км жерде орналасқан Қышқаш тауының батыс сілемі. Бұлақтары бар. Онда тал, шыбық өседі. Мұнда М.Төлебаевтың 80 жылдық мерейтойы, Көтен тәуіп әулиенің асы өтті. Сонымен қатар басқа да салтанатты шаралар ұйымдастырылып тұрады. Табиғаты әсем, көрікті жер.