Shejire

Мардан Келдібайұлы Байділдаев

Шежіредегі орны
ТұлғаЖаңартылған: 14.09.2026

Мардан Келдібайұлы Байділдаев (12 сәуір 1926(19260412), қазіргі Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Еңбек ауылы — 5 наурыз 1994, Алматы) — қазақ ауыз әдебиетін жинаушы, зерттеуші.

ҚазМУ-ді бітірген (1955, қазіргі ҚазҰУ). Ұзақ жылдар бойы Әдебиет және өнер институтында ғылым қызметкер болды, халық әдебиеті үлгілерін жинаумен, зерттеумен айналысты. Т. Жүргенов, С. Есқараев сияқты қайраткерлердің өмірбаянын анықтауға күш-жігер жұмсады. Айтыс өнерінің қайта жандануына көмектесті. “Шаһнаманың” Тұрмағамбет Ізтілеуұлы аударған 40 мың жолдық қолжазбасын тауып, оқырман назарына ұсынды. “Рүстем дастан” (1961), “Үш ғасыр жырлайды” (1965), “Бес ғасыр жырлайды” (1985) жинақтарын шығаруға қатысты. “Қорқыт ата кітабын” Ә. Қоңыратбаевпен бірге аударды. “Ақындар творчествосы”, “Ақын-жыраулар” атты зерттеу кітаптары бар. Халық шығармашылық бүкілодақтық фестивалінің (1971) лауреаты.

Дереккөздер

Мәліметтер

тұлға
Мардан Келдібайұлы Байділдаев
Білімі
ҚазМУ
Қызметі
ғылыми қызметкер
Мамандығы
әдебиеттанушы, фольклортанушы
Туған жері
Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Еңбек ауылы
Туған күні
12 сәуір 1926 (1926-04-12)
Қайтыс болған жері
Алматы
Қайтыс болған күні
5 наурыз 1994 (1994-03-05) (67 жас)
Марапаттары мен сыйлықтары
Халық шығармашылық бүкілодақтық фестивалінің лауреаты (1971)