Shejire

Мәдениет Қаратайұлы Көкенов

ТұлғаЖаңартылған: 14.09.2026

Мәдениет Қаратайұлы Көкенов (5.3.1940, Алматы қаласы – 12.6.1997, сонда) – биология ғылымының докторы (1990), профессор (1993), Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1995).

1962 - ҚазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. 1976-1977 - Қазақстан ғылым академиясының Ботаника және фитоинтродукция институтында аға лаборант, кіші, аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі және 1990-1994 - осы институт директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. Негізгі ғылыми еңбектері ботаникалық қортану, өсімдік дүниесін қорғау және оның байлығын тиімді пайдалану мәселелеріне арналған.

Дереккөздер

Шежіредегі орны