Людовик IX
ТұлғаЖаңартылған: 14.09.2026

IX Әулие Луи (фр. Louis IX, Saint Louis; 25 сәуір1214 жыл, Пуасси – 25 тамыз 1270 жыл, Тунис) — Францияны 1226—1270 жылдары басқарған Капетингтер әулетінен шыққан король. 1226 жылы таққа отырған. VIII Луи және Бланка Кастильдің баласы.
Өмірбаяны
IX Луи үкіметті бір орталыққа бағындыруға байланысты бірқатар реформаларды жүзеге асырды. Сеньорлық соттардың шеңбері тарылды. Парижде ерекше сот палатасы құрылды. Алтын және күміс ақшалар соғылды. Ол 1248 жылы 7-крест соғысын бастады; 1250 жылы Мысыр сұлтанына тұтқынға түсті. 8-крест соғысы кезінде Тунисте оба ауруынан қайтыс болды. 1297 жылы шіркеу оны әулиелер қатарына қосты.
Дереккөздер
