Shejire

Людмила Соломоновна Каневская

ТұлғаЖаңартылған: 14.09.2026

Людмила Соломоновна Каневская (17 тамыз 1917, Украина, Запорожье – 19 маусым, 1977, Алматы) – медицина ғылымдарының докторы (1971), профессор (1971), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген дәрігері (1965), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1974).

Өмірбаяны

2-дүниежүзілік соғысқа (1941–42) қатысқан . Днепропетровск медицина институтын (1938) бітірген. Алматы қаласындағы №1 емханада дәрігер Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) ассистент, доцент (1944–64) Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор (1964–1976) Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында кафедра меңгерушісі (1964–77) болып қызмет атқарды.

Ғылыми еңбектері

1969 жылы «Нервно-психический аспект в этнологии патогенеза клинике и терапии инфаркта миокарда» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған . Оның ғылыми еңбектері негізінен кардиология мәселелеріне арналған.

Марапаттары

2 рет «Құрмет Белгісі» ордені. медальдар.

Дереккөздер

Шежіредегі орны