Күзембай Үйсінбаев

Күзембай Үйсінбаев (8 қаңтар 1953, Маңғыстау облысы, Шевченко ауданы – 14 тамыз 2021, Ақтау) — педагог. Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Үздігі (2002). Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2005). Маңғыстау облысының құрметті азаматы (2008).
Толығырақ
Күзембай Үйсінбаев 1953 жылы 8 қаңтарда Маңғыстау облысы Шевченко ауданында Кендірлі жерінде дүниеге келген. Гурьев педогогикалық иститутын (қазіргі Атырау университеті) бітірген (1979). 1971 – 1979 жылдары Куйбышев атындағы мектепте тәрбиеші, бастауыш әскери дайындық пәнінің мұғалімі, комсомол комитетінің хатшысы 1979 – 1984 жылдары Маңғыстау ауданы комсомол комитетінің 1-хатшысы, Маңғыстау ауданы мәдениет бөлімінің меңгерушісі 1984 – 1990 жылдары кәсіподақ комитетінің төрағасы, ауданы партия комитетінің 2-хатшысы 1991 – 1992 жылдары Маңғыстау ауданы кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары 1992 – 1999 жылдары Маңғыстау ауданы әкімінің 1-орынбасары 1999 – 2005 жылдары Маңғыстау ауданы білім бөлімінің меңгерушісі болды. 2006 жылдан бастап Маңғыстау ауданы білім бөлімінің бастығы.
Марапаттары
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасының иегері. 2001 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі 2002 жылы "Қазақстан Білім беру ісінің үздігі" атағы 2005 жылы "Қазақстан конститутциясына 10 жыл" медалі 2008 жылы "Астанаға 10 жыл" медалі 2008 жылы Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері құрметті атағымен марапатталды. 2008 жылы Ерен еңбегі үшін медалі мен марапатталды. 2008 жылы Маңғыстаудың құрметті азаматы атағының иегері. 2011 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі.