Shejire

Көлеңкі

ТарихЖаңартылған: 15.09.2026

Көлеңкі, Көлеңке — Зайсан көлінің шығысындағы қыстау. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Біржан а-ның шығысында 16 км жерде орналасқан. Қара Ертіс өз. аңғарында. Солт-нде Сарыкөл көлі мен Қайнар бұлағы, шығысында Ақжан құмы мен Емке жайлауы, оңт-нде Қабырғатал қыстауы мен Бозайғырқұм құмы, батысында Қызылағаш, Шеген қыстаулары орналасқан. Эолды жазықтағы құмды сұр қоңыр топырақ жамылғысында жусан, еркек шөп, қозықұлақ, т.б. өседі. Қыстау мал жайылымы ретінде пайдаланылады.‎

Дереккөз: https://kk.wikipedia.org/wiki/Көлеңкі

Бұл мәтін көрсетілген дереккөзден бейімделген; CC BY-SA лицензиясы бойынша пайдаланылады.