Shejire

Көктөбе

ТарихЖаңартылған: 15.09.2026
Kok-Tobe photographed from above. Almaty, Kazakhstan.
Николай Булыкин · CC BY-SA 4.0

Көктөбе – Іле Алатауының бөктеріндегі көрікті жерде орналасқан төбе. Алматы қаласының оңтүстік-шығысында. Абсолют биіктігі 1070 м, салыстырмалы биіктігі 370 м-дей.

Сипаттамасы мен тарихы

Беткейлері тіктеу келген. Оларда бұта, жусан аралас таудың әр түрлі астық тұқымдас шөптесіндері өскен. Көктөбеде биіктігі 372 м болатын телевизиялық мұнара, қала тұрғындарының демалыс аймақтары, т.б. орналасқан. Көктөбе – Алматы қаласына панорамалық шолу жасайтын орын саналады. 1967 жылы Көктөбе мен "Қазақстан" қонақ үйінің арасына аспалы жол салынды. Ұзындығы 1272 метр, екі аралықты 6 минутта жүріп өтеді. 2004 жылы күшті жауын-шашын салдарынан біраз жері жарылып, суға ақты.Содан кейін қалалық әкімдік таудың бөктеріне бетон төсеп, реставрация жасады. 2006 жылы Төбеде "Көктөбе" саябағы ашылды. 2007 жылы "Битлз" ескеркіші салынды.

Дереккөздер