Көкшөп
ТарихЖаңартылған: 15.09.2026
Көкшөп, Кокшуб – Бетпақдаланың солтүстік бөлігіндегі құдық. Ақдала қонысының оңтүстігінде орналасқан. Қарағанды облысы Шет ауданында. Тереңдігі 1 м, су шығымы 700 л/сағ. Солтүстігінде Болаттау тауы, шығысында Қызылтөбе, оңтүстігінде Айбат, батысында Сусызтау таулары орналасқан. Мал суаруға пайдаланылады.