Shejire

Көкпекті

ТарихЖаңартылған: 15.09.2026
Абай облысының картасы
Murat Karibay · CC0

Көкпекті — Абай облысы Көкпекті ауданындағы ауыл, аудан (1932 жылдан) және Көкпекті ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

Облыс орталығы – Өскемен қаласынан оңтүстікке қарай 243 км жерде, Зайсан көліне солтүстіктен құятын Көкпекті өзені мен республикалық маңызы бар Семей – Зайсан және Өскемен – Көкпекті автомобиль жолдарының қиылысқан тұсында, дала белдемінде орналасқан. Ең жақын темір жол станциясы – Жаңғызтөбе (125 км).

Халқы

Тұрғыны:

5,7 мың адам (1999); 5,0 мың адам (2004); 5,1 мың адам (2009); 4189 адам (2016).

Тарихы

Іргесі 1780 жылы қаланды. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында жеке ауылдық елді мекен болды. 1932 жылы аудан орталығына айналды. Ауылда тұрмыс қажетін өтейтін кәсіпорын, наубайхана, жылжымалы механикаландырылған колонна, автобаза, байланыс бөлімі жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы

Кәсіптік-техникалық мектеп, 2 орта мектеп, мәдениет үйі, кинотеатр, балалар бақшасы, кітапхана, тубдиспансер, ветдиспансер, т.б. бар. "Көкпекті жолдары" атты ЖШС бар.

Дереккөздер

Мәліметтер

Ел
 ҚазақстанҚазақстан
Ауданы
Көкпекті
Облысы
Абай
Статусы
Аудан орталығы
Тұрғыны
5 101[1] адам (2023)
Уақыт белдеуі
UTC+5:00
Координаттары
48°45′13″ с. е. 82°23′02″ ш. б. / 48.75361° с. е. 82.38389° ш. б. / 48.75361; 82.38389 (G)&…
Ауылдық округі
Көкпекті