Shejire

Кеттітақыр

ТарихЖаңартылған: 15.09.2026

КЕТТІТАҚЫР – Бетпақдала жазығының шығыс бөлігіндегі қоныс. Жамбыл облысы Сарысу ауданында орналасқан. Кеттітақыр қонысы батыстан шығысқа қарай ендік бағытта созылып жатыр. Теңіз деңгейінен 390 – 400 м биіктікте. Жонды-белесті келген жазықта тақыр типтес сортаңды, сұр қоңыр топырағы қалыптасқан. Тұран жусаны, баялыш, сексеуіл өседі. Маңында Сортаң, Соркілем, тағы басқа қоныстар бар. Батысында Көкөрім, Тоқымтыққан құдықтары орналасқан.

Дереккөздер