Кебекбай Байтарұлы
ТарихЖаңартылған: 15.09.2026
Кебекбай Байтарұлы (1821, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Мәтібұлақ басы – 1908, сонда) — би, шешен. Ұлы жүз құрамындағы Дулат тайпасының Жаныс руынан. Кебекбай шешен – әрбір іске әділ билік айтқан кісі. Ол кезінде Тезек төре, Ескелді, Балпық, Тәнеке билер, Бәйтік, Төрекелді, Анатай батырларға жөн-жосық, тоқтам айтқан би. Осы күнге дейін Кебекбай айтыпты деген сөз ел арасында көп..