Shejire

Кауфман иконниковиясы

ТарихЖаңартылған: 15.09.2026

Кауфман иконниковиясы — кермектер тұқымдасына жататын бұташық. Іле Алатауъшда (Түрген, Сөгеті, Бөгеті, Торайғыр тауы) және Кетпентау бөктерінде өседі. Биіктігі 15-60 см. Қысқа діңі жапырақ сағақтарының қалдықтарымен қалың қапталған. Жапырақтары қандауыр пішіндес не жұмыртқа тэріздес болады, 4-12 см. Жертаған жапырақтары өте қалың, жасын немесе көкшіл сұр түсті, жиегі бүдыр. Гүлсидамы 2-15-тен, тік, берік өседі. Гүлдері бір жаққа қарай тығыз орналасқан сағақсыз 4-11 гүлден тұратын масақ. Тостағаншалары түкгі, Ұзындығы 8 мм, жүйкелері түкті. Күлтелері күлгін қызыл түсті, тостағаншасынан екі есе үлкен. Мамыр-маусымда гүлдеп, маусым-шілдеде жеміс салады. Тұқымынан көбейеді. Әсемдік өсімдік. Сирек кездеседі, жойылып бара жатқан эндемикалық Қазакстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.

Дереккөздер