Shejire

Кәрімов Мұрат Әбділхайұлы

ТұлғаЖаңартылған: 14.09.2026

Мұрат Әбділхайұлы Кәрімов (18.4.1931 жылы туған, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылы) – медицина ғылымдарының докторы (1972), профессор (1973). Үшінші сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаты. "Идеал" татар және татар-башқұрт қоғамдық және мәдени орталықтары қауымдастығының төрағасы.

1954 жылы - Алматы мемлекеттік медициналық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) бітірген соң осы институтта аспирант, ассистент (1954–60), (1960–83) Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі, (1983–84) ғылыми-клиникалық жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары. (1984–85) Қазақстан Денсаулық сақтау министрілігі өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтының директоры қызметтерін атқарды. Негізгі ғылыми еңбектері токсикология және онкология мәселелеріне арналған. 2 өнертабыстың авторы (1954–60)

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Үшінші сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының тізімі Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін насихаттау және түсіндіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру туралы

Шежіредегі орны