Иван Артемьевич Будчанов
ТұлғаЖаңартылған: 14.09.2026
Иван Артемьевич Будчанов (17 сәуір 1916 жылы, Павлодар қаласында туған – 13 қаңтар 1985 жылы, Ақтөбе қаласында қайтыс болған) – биология ғылымының докторы (1973 жылы). II-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Днепропетровск мемлекеттік университетін (1941 жылы) бітірген. Одесса медицина институтының ассистенті, доценті (1945–58 жылдары), 1958 жылдан Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды.
Шығармалары
1. "Экспериментальные обоснования к использованию природных лечебных факторов Западного Казахстана", Актюбинск, 1973;