Ішкент
ТарихЖаңартылған: 15.09.2026
Ішкент – орта ғасырдағы қаланың орны, Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш.
Орналасқан жері
Кентау қалалық әкімдігіне қарасты Қарнақ ауылының оңтүстік шетінде орналасқан.
Тарихи дерек
1947 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам) зерттеген. Археолог Г.И. Пацевич Ішкентті Шагилджан деп аталды десе, А.Н. Бернштам Қарнақ аталды деп жорамалдайды. Қала XIII-XVI ғасырларға жатады.