Shejire

Ілебалық

ТарихЖаңартылған: 15.09.2026

Ілебалық – орта ғасырдағы қала.

Орналасқан жері

Алматы облысы Іле ауданы Іле өзенінің орта ағысы, қазіргі Қапшағай СЭС-нің жанында болған.

Сипаты

Белгілі зерттеушілер А.Н. Бернштам мен В.В. Бартольд – М. Қашқари мен В. Рубруктың жазба деректерін негізге ала отырып, Ілебалықты Шеңгелді бекінісінің орнындағы “Екі өгіз” қаласы десе, академик Ә. Марғұлан Мұхаммед Хайдардың дерегіне сүйеніп, Ілебалықты өз алдына жеке қала болған деп тұжырымдайды. Ілебалық қаласының орны әлі толық анықталмаған.

Дереккөздер