Shejire

Иірмек

ТарихЖаңартылған: 15.09.2026

Иірмек – Дулығалы өзенінің оң жағалауындағы қыстау. Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Қызылүй ауылының шығысында 41 км жерде орналасқан. Ұлытау тауларының аңғарында. Солтүстігінде Қарақұдық құдығы, батысында Ақши, Демебай, Мырзағұл қыстаулары кездеседі. Оңтүстігінен Қарғалы өзенінің салалары Шолақ, Жоса ағып өтеді. Мал жайылымына қолайлы.

Сілтемелер

Дереккөз: https://kk.wikipedia.org/wiki/Иірмек

Бұл мәтін көрсетілген дереккөзден бейімделген; CC BY-SA лицензиясы бойынша пайдаланылады.