Shejire

Хайролла Досжанұлы Молдағалиев

ТұлғаЖаңартылған: 14.09.2026

Хайролла Досжанұлы Молдағалиев (1 қаңтар 1911 жыл, Орал облысы, Чапаев ауданы, Еңбек ауылы - 17 наурыз 1973 жыл, Алматы) — химик-бейорганикалық химия ғылымының кандидаты (1961), доцент (1965). Ленинградтағы А.И. Герцен атындағы пед. институттың табиғаттану факултетінің химия бөлімін бітірген (1939). 1939-43 жылдары Жамбыл қаласында және Алматыда орта мектепте оқытушы. Молдағалиев 1943-1946 Моңғол Халық Республикасында жұмыс істеді. 1946 жылдан Қазақтың С.М. Киров атындағы мемлекеттік университетінің химия факультетінде ассистент, аға оқытушы, 1971 жылдан жалпы химия кафедрасының меңгерушісі. Молдағалиевтің басты ғылыми еңбектері араласпайтын екі сұйықта қышқылдардың таралуын зерттеуге арналған. 35-тен астам ғылыми еңбек жариялады, химия оқулықтарын қазақ тіліне аударды. «Жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған химия оқу құралы» деген еңбектің авторы.

Дереккөздер

Шежіредегі орны

Мәліметтер

тұлға
Хайролла Досжанұлы Молдағалиев
Жұмыс орны
С.М. Киров атындағы мемлекеттік университеті
Туған жері
Орал облысы, Чапаев ауданы, Еңбек ауылы
Туған күні
1 қаңтар 1911 (1911-01-01)
Азаматтығы
ҚазКСР
Ғылыми аясы
химия
Ғылыми дәрежесі
доцент
Қайтыс болған жері
Алматы
Қайтыс болған күні
17 наурыз 1973 (1973-03-17) (62 жас)