Ғали Бегалиев
Ғали Бегалиев (1888, Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы - 1966, Алматы) – Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, филология ғылымдарының кандидаты (1943), доцент.
Өмірбаяны
Қазандағы Мұхаммедия семинариясын (1902) Орынбордағы мұғалімдер курсын (1918) Мәскеу педагогикалық ғылыми инмтитутының аспирантурасын (1933) бітірген. Ауыл мектебінде (1910 - 12) Орал қаласындағы педагогикалық курста (1918 - 22) Ордадағы педагогикалық техникумда (1922 - 24) оқытушы облыстық, республикалық газеттерде тілші Қазақ педагогикалық институтында оқытушы Қазақстан Оқу министрлігінденде нұсқаушы Тіл және Әдебиет институтында бөлім меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер (1946 - 62) болды.
Ғылыми қызметі
Бегалиев - 50-ден астам ғылыми-әдістемелік еңбектің авторы. Қазақ, орыс мектептеріне арналған қазақ тілі оқулықтарын жазып, білім беру мазмұнын ғылыми негіздеуге ат салысты. Орысша-қазақша және қазақ тілінің терминологиялық сөздіктерін жасауға қатысты.