Shejire

Есенбай Ағелеуов

ТұлғаЖаңартылған: 14.09.2026

Есенбай Ағелеуов (22.6.1936, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы - 9.11.1996, Алматы) — ғалым, педагог, биология ғылымдарының докторы (1984), профессор (1985).

Орал педагогикалық институтының жаратылыстану-география факультетін (1959), аспирантурасын МГУ (1965) бітірген. 1959-62 жылы Орал облысы комсомол комитетінің қызметкері, хатшысы болды. 1965-79 жылы Орал педагогикалық институтының жаратылыстану-географиялық факультетінде оқытушы, аға оқытушы, деканның орынбасары, декан, ал 1979-85 ж осы институттың ректоры болып қызмет атқарды. 1982 жылы Есенбай Ағелеуовтің басшылығымен Орал педагогикалық институты «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 1985 жылдан әмірінің соңына дейін ҚазПИ-дің (қазіргі Алматы мемлекеттік университеті) ботаника кафедраның меңгерушісі болды. 1993 жылы оған «Қазақ Республикасы еңбек сіңірген ғылым қайраткері» атағы берілді. Ағелеуов — шалғынтану мен өсімдіктану, жалпы геоботаника саласында танымал маман ретінде Қазақстан ботаника ғылымының дамуына елеулі үлес қосты. Негізгі ғылыми еңбектері Батыс Қазақстанның флорасы мен шабыңдықтарын зерттеуге арналған. Ол - жалпы саны 120 ғылыми еңбектің авторы, 4 монография және 2 окулық жазған.

Шығармалары

Пойменные луга реки Урал, А.-А., 1982; Флора поймы реки Урал, А.-А., 1987.

Дереккөздер

Шежіредегі орны