Shejire

Ерік Мағзұмұлы Асанбаев

Шежіредегі орны
ТұлғаЖаңартылған: 14.09.2026

Ерік Мағзұмұлы Асанбаев (10 наурыз 1936, Байғабыл ауылы, Амангелді ауданы, Торғай облысы – 23 тамыз 2004, Алматы) — кеңестік және қазақстандық саясаткер, мемлекет және қоғам қайраткері, экономист, дипломат. Қазақстанның тұңғыш вице-президенті (1991–1996). Экономика ғылымдарының докторы (1978).

Өмірбаяны

1936 жылдың 10 наурызында Торғай облысының Амангелді ауданының Байғабыл ауылында (№2 ауыл) дүниеге келді. Арғын тайпасының Саржетім руынан шыққан. ҚазМУ-ды (1958, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1959–1967 жылы ҚазМУ-да, Мәскеу қаржы институтында, Қазақ КСР-і Мемлекет жоспарлау комитетінің ғылым-зерттеу институтында, Қазақ КСР-і Қаржы министрлігі жүйесінде (1973–1975) қызметтер атқарған. Қазақстан Министр Кеңесінде бөлім меңгерушісі, іс басқарушысының орынбасары, 1988–1989 жылы Министр Кеңесі төрағасының орынбасары, Қазақстан КП ОК-нде бөлім меңгерушісі, кейін хатшысы (1989–1991) болды. 1991 жылдың сәуір–қазанында Қазақ КСР-і Жоғары Кеңесінің төрағасы, 1991–1996 жылы ҚР-ның вице-президенті, 1994–1996 жылы ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы қызметін атқарды. 1996 жылы ақпаннан 2000 жылға дейін ҚР-ның ГФР-дегі Төтенше және өкілетті елшісі болған. 2004 жылдың 23 тамызында өмірден озды.

Дереккөздер

Сілтемелер

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ерік Мағзұмұлы Асанбаев ..(қолжетпейтін сілтеме) Заманынан оза туған тұлға - Мәдениет - Жаңалықтар фабрикасы ..(қолжетпейтін сілтеме)

Мәліметтер

тұлға
Ерік Мағзұмұлы Асанбаев
Білімі
Қазақ ұлттық университеті
Ізашары
Нұрсұлтан Назарбаев
Ізбасары
Серікболсын Әбділдин
Балалары
2
Жерленді
Кеңсай зираты
Президент
Нұрсұлтан Назарбаев
Марапаттары
Барыс ордені
Қайтыс болуы
23 тамыз 2004 (2004-08-23) (68 жас) Алматы, Қазақстан