Ербол Несіпбайұлы Жанпейісов
Жанпейісов Ербол Несіпбайұлы (1930 желтоқсанның 27-інде, Абай облысы Абай ауданы Тоқтамыс ауылы - 2012 жылдың 26 маусымы, Алматы қаласында) - тіл білімі маманы, филология ғылымдарының докторы, профессор. Жанпейісовтің «Абай мен Әуезов тіліңдегі ортақ ернектер» атты ғылыми зерттеу мақаласы («Жұлдыз», № 2, 1964) мен «М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының тілі» деген монографиясы (1976) жарық керді. Ғалым бұл еңбектеріңде Абай мен Әуезов шығармашылығы сөздік қорларының ортақ екенін, шығармаларында сөздерінің дыбыстық құрылысы жағынан әуезді болып келетінін, жеке сөз түріндегі не тіркес қаппындағы қайталаулардың, синтаксистік егіздеулерінің орнықты болатынын, тубірлес сөздерді жарыстыра қолданатындарын, бір-бірімен мағыналас, өзара ұғымдас сөздерді үстемелей, қосарланып пайдаланылатындарын атап керсетті.
Қысқаша өмірбаяны
Үлгі:Infobox
1953 - Қазіргі ҚазҰУ-дың филология факультетін; 1956 - аспирантурасын бітірген. 1957 жылдан - Қазақстан Ғылым Академиясының Тіл білімі институтында кіші, аға, жетекші, бас ғылыми қызметкер. «Қазақ тілінің этномәдени лексикасы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Әр түрлі тақырыпта жазылған 70-тен астам мақаланың авторы. ҚР Ұлттық ғылым академиясының Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық лауреаты (1993).