Елубай Қашығұлов
ТұлғаЖаңартылған: 14.09.2026
Елубай Қашығұлов (1939, Маңғыстау ауданы, Шайыр ауылы–1999, Шетпе ауылы) – зоотехник.
Алматы зоотехнология-малдәрігерлік институтын (қазіргі ҚазҰАУ) бітірген (1965). Маңғыстау ауданында зоотехник, ферма меңгерушісі, бас зоотехник, ұжымшар директоры, аудандық кеңес атқару комитетінің төрағасының орынбасары, облыстық партия комитетінде алғашқы нұсқаушылардың бірі, «Шетпе кооперативтік дайындау» ЖШС-нің директоры болды. «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.