Shejire

Егек

ДәстүрЖаңартылған: 15.09.2026

Егек — қазақ халқының екі ішекті көне музыкалық аспабы.

Жасалу барысы

Егектің шанағы өрік пен емен сияқты қатты ағаштардан тұтас ойылып жасалады. Аспаптың тұрқы қысқа, көлемі кішкентай, алып жүруге өте ыңғайлы. Ішегі ешкі ішегінен әзірленеді. Егекке ұқсас аспап Сібірлік түрік тектес халықтар арасында әлі де қолданыста бар. В.В. Радлов егектің қазақтың ең көне музыкалық аспаптарының бірі екендігін және оның ең көне нұсқасының Санкт-Петербургтегі дүниежүзі халықтарының этнографиялық мұражайында сақтаулы тұрғандығын жазған. Атауы да ысқышпен үйкеп, егеп тартуға байланысты қалыптасқан болса керек.

Әдебиет

Мұқатайұлы Н. Қазақтың музыка аспаптары. Үрімші: ШҒТДСБ, 2008; Жәкішева З. Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары. Алматы: Алматыкітап, 2009.

Дереккөздер

Дереккөз: https://kk.wikipedia.org/wiki/Егек

Бұл мәтін көрсетілген дереккөзден бейімделген; CC BY-SA лицензиясы бойынша пайдаланылады.