Shejire

Едіге Тұрсынов

Шежіредегі орны
ТұлғаЖаңартылған: 14.09.2026

Едіге Дәріғұлұлы Тұрсынов (10 шілде 1942 жылы туған, Алматы қаласы - 24 желтоқсан 2016 жылы Қазақстан Алматы) — әдебиеттанушы-фольклорист, филология ғылымдарының докторы (2003).

Қысқаша өмірбаяны

Арғын тайпасының Қаракесек руының Керней бөлімінен шыққан.

1964 жылы ҚазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ) бітірген; 1964–1966 жылдары Ақмола мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Астана мемлекеттік медицина академиясында) оқытушы Қазақстан ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында кіші ғылыми қызметкер; 1994 жылдан «Ай» журналының әдеби қызметкері болып жұмыс істеді.

Еңбектері

«Древние типы носителей казахского фольклора (генезис и типология)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми-зерттеу еңбектерінің негізгі бағыты – қазақ фольклорының көне дәуірдегі типтері, ақын-жыраулық дәстүр мен айтыс жанрының қалыптасуы, фольклор таратушылардың (ақын, сал, сері, жырау, сыншы, т.б.) пайда болу тарихы мәселелері. Тұрсынов монографиялық еңбектер

«Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері», 1976; «Қазақ бақсы-балгерлері», 1997; «Возникновение баксы, акынов, сэри и жырау», 1999; «Древнетюркский фольклор: истоки и становление», 2001; «Атамекен. Казахи. История. Этнография. Культура», 2002) мен 40-тан астам ғылыми мақалалардың авторы.

Дереккөздер

Мәліметтер

тұлға
Едіге Тұрсынов
Жұмыс орны
ҚазҰПУ
Туған жері
Қазақстан Алматы
Туған күні
10 шілде 1942 (1942-07-10)
Азаматтығы
Қазақстан
Қайтыс болған жері
Қазақстан Алматы
Қайтыс болған күні
24 желтоқсан 2016 (2016-12-24) (74 жас)