Shejire

Дәстем Қарабасұлы

ТарихЖаңартылған: 15.09.2026
Ezra Cornell's first book
Public domain

Дәстем Қарабасұлы (1677, Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Гүлтөбе қонысы - 1752, Ресей, Қорған облысы, Петухово ауданы, Өзентал қыстауы) - ақын, күйші, Толыбай сыншының немересі, Қарабас батырдың үшінші ұлы. Ауыл молдасынан сауат ашқан. Дәстем өлең-жыр шығарып, ән салу, сыбызғы, домбыра тарту өнерін медреседе жүргенде тастамай, жетілдіре берген. Ел арасында сыбызғымен күй тартып, домбырамен ән шырқап, өлең-жырлар шығарып, сал-серілік құрғандықтан, ақын Дәстем, әнші Дәстем, сал Дәстем, сері Дәстем, жыршы Дәстем атанады. Дәстем 17-ғасырдың соңы мен 18-ғасырдың 1-жартысындағы қазақ-қалмақ соғысына қатысқан. "Хан - сұлтандар", "Бозқозыұлы Бөкенбай", "Дәстемнама" тарихи дастандар, "Гүлжаһан", "Майдан", "Ақбоз ат" деген әндер, "Шайқас", "Жекпе-жек", "Ақиық", "Шыжым", т.б. күйлер шығарған. Керей руыннан шыққан.

Дереккөздер