Shejire

Дайрабай Ерназарұлы

ТұлғаЖаңартылған: 14.09.2026

Дайрабай Ерназарұлы (1860, Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу өзені бойы - 1937, Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылы) - күйші. Арғын тайпасының Қуандық руының Сармантай бөлімінен шыққан. Дайрабайдың бойындағы сал-серіге тән мінез-қылық, әншілік-күйшіліқ қасиет ата-анасынан дарыған. Дайрабайдың есімі Ақмола, Қараөткел, Қорғалжын төңірегіне жақсы таныс болған. "Шұбартау", "Қараторғай", "Келіншек" деген әндер шығарған. Дайрабай Кебен дейтін баймен бас араздығы салдарынан қуғын көріп, ақыры Қараөткел түрмесіне түседі. 1904 ж. түрмеден қашып шығып, ағайындарымен қоштасып, оңтүстікке бет түзейді. 1937 жылғы репрессия сүргіні басталғанда Дайрабайға "жүйрік атқа, ит жүгіртіп, құс салуға құмар, ән шығарып, күй тартқан, бұрынғы заманның сән-салтанатын жақсы көреді" деген айып тағылады. НКВД-ның қызметкерлері оны тұтқындауға келер алдында ғана әйгілі күйші көз жүмады. "Дайрабай", "Қоштасу", "Қыр", "Сыр", "Сырдың суы", "Шөуілдір", "Әттеген-ай", т.б. күйлері бар. "Дайрабай" күйінің төрт нұсқасы белгілі.

Дереккөздер

Шежіредегі орны