Shejire

Бұғыбай

ТұлғаЖаңартылған: 14.09.2026

Бұғыбай Мырзамұлы (туған жылы белгісіз — 1847) — батыр, қолбасшы.. Ұлы жүздегі Ысты руынан. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күреске белсенді түрде қатысып, ерлігімен көзге түскен. 1847 жылы жазда қырғыздарға жасалған жорық кезінде қоршауда қалып, ерлікпен қаза тапқан. Бұғыбайдың ерлігін Нысанбай жырау “Кенесары — Наурызбай” дастанында, Доскей ақын “Кенесары” дастанында жырға қосқан. М.Әуезовтің “Хан Кене” атты пьесасында Бұғыбай бейнесі негізгі кейіпкердің бірі ретінде берілген.

Дереккөздер

Дереккөз: https://kk.wikipedia.org/wiki/Бұғыбай

Бұл мәтін көрсетілген дереккөзден бейімделген; CC BY-SA лицензиясы бойынша пайдаланылады.

Шежіредегі орны