Shejire

Болатжан Шайзадаұлы Абылқасымов

ТұлғаЖаңартылған: 14.09.2026
Ezra Cornell's first book
Public domain

Болатжан Шайзадаұлы Абылқасымов (8.4.1950, Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қабанбай батыр ауылы – 14.3.2009, Астана қаласы) – филология ғылымдарының докторы (1994), профессор (1996).

Өмірбаяны

Найман тайпасы Қаракерей руының Бәйжігіт тармағының Мәмбет бұтағынан шыққан.

ҚазМУ-ды бітірген (1973). Мәскеу қаласындағы Шығыстану институтында ғылыми тәжірибе (1977–79) алмасты. Қазақстан ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында аға лаборант (1973–75), кіші ғылыми қызметкер (1975–77, 1979–81), ғалым-хатшы (1981–89), докторант (1989–92) Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтында (қазіргі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті) декан, кафедра меңгерушісі (1992–2006) 2006 жылдан өмірінің соңына дейін Еуразия ұлттық университетінде профессор қызмет атқарған.

Ғылыми еңбектері

«Қазақтың көне наным-сенімдеріне қатысты ғұрыптық фольклоры» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ұлттық фольклористикаға деген жаңа көзқарас, соны ізденістерге толы зерттеу еңбектерінің авторы.: «Жанр толгау в казахской устной поэзии», 1984; «Телқоңыр», 1993; «Көкбай ақын», 1998

Дереккөздер

Шежіредегі орны