Бижамал Рамазанова
Бижамал Рамазанова (21.6.1927, Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қызылағаш ауылы - 8.11.2020, Алматы) - қоғам қайраткері, ғалым, философия ғылымдарының кандидаты (1970).
Өмірбаяны
1942 жылы Түрген педагогикалық училищесінің қысқа мерзімді курсын бітірген. 1959 жылы ҚазПИ-ді бітірген. Еңбек жолын 1942 жылы бұрынғы Гвардия ауданының Шанханай орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі ретінде бастаған. Қаратал ауданы комсомол комитетінде (1945-1959) лауазымды қызметтер атқарды. Талдықорған қалалық комсомол комитетінде (1945-1959) лауазымды қызметтер атқарды. Талдықорған қалалық, Талдықорған облыстық атқару комитеттерінде лауазымды қызметтер атқарды. Алматы облысы партия комитетінде (1959-1963) лауазымды қызметтер атқарды. Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңес Төралқасында (1963-1975) лауазымды қызметтер атқарды. республикалық Министірлер Кеңесінде (1975-1982) лауазымды қызметтер атқарды. Зейнет демалысына шыққан соң Мәдениет қызметкерлерінің білім деңгейін көтеру институтында, Алматы жол құрылысы институтында дәріс оқыды. Өмірінің соңына дейін Алматы облысы Ардагерлер кеңесі төралқасының мүшесі болды және Алматы қалалық жастарды патриоттық тәрбиелеу секторын басқарды.
Қоғамдық қызметтері
1963–76 жылдары аралығында Азия және Африка елдері ынтымақтастығы Қазақ комитеті төрағасы, Кеңестік ынтымақтастық комитеті төралқасының мүшесі болды. 1964-76 жылдары Кеңес әйелдері комитетінің мүшелігіне сайланды. Бірнеше рет Кеңес Одағы қоғамдық ұйымдарының Азия және Африка елдеріне делегациясын бастап барып, халықаралық форумдарға қатысты.
Ғылыми жұмыстары
4 монографияның авторы.
Марапаттары
2 мәрте "Қызыл Ту" және 2 мәрте "Құрмет белгісі" ордендерімен, бірнеше медальмен марапатталған.