Биназар
ТұлғаЖаңартылған: 14.09.2026
Биназар Ақеділұлы (шамамен 1802, Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы — 1860, сонда) — батыр. Ұлы жүздің дулат тайпасының шымыр руынан. Қоқан хандығына қарсы күресте Сыпатай батырдың сенімді серігінің бірі болған. Жасы ұлғайған шағында Шу өзеніне тоған салып, ауылын егіншілікпен айналысуға баулыған. Биназар батырдың бейіті Хантау қыратының Сұңқар деген шоқтығында орналасқан.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Биназар батыр