Shejire

Берікбай Сағындықұлы

ТұлғаЖаңартылған: 14.09.2026

Берікбай Сағындықұлы (24 мамыр 1939, Ақжар ауылы, Қызылорда облысы — 11 желтоқсан 2023, Алматы) — қазақстандық ғалым, журналист, филология ғылымдарының докторы (1994), профессор (1997).

Еңбек жолы

ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) филология факултетін (1962), Мәскеудегі КСРО ҒА Шығыстану институтының аспирантурасын (1975) бітірген; 1961–72 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер, хатшы; 1975–79 жылдары «Ғылым» баспасында редактор, редакция меңгерушісі; 1979–97 жылдары ҚазМУ-дың қазақ филологиясы кафедрасының оқытушысы; 1997 жылдан профессор. Сағындықұлының 2 монографиясы, 7 оқу құралы, 200-ден аса ғылыми және публицистикалық мақалалары бар; Қармақшы ауданының құрметті азаматы (2005).

Дереккөздер

Шежіредегі орны

Мәліметтер

тұлға
Берікбай Сағындықұлы
Жұмыс орны
Қазақ ұлттық университеті
Туған жері
Ақжар ауылы, Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы, Қазақ КСР, КСРО
Туған күні
24 мамыр 1939 (1939-05-24)
Азаматтығы
 Қазақстан
Альма-матер
Қазақ ұлттық университеті
Ғылыми аясы
филология
Марапаттары
«Ы. Алтынсарин төсбелгісінің» иегері
Ғылыми атағы
профессор (1997)