Shejire

Бекболат Меркемелиденов

ТұлғаЖаңартылған: 14.09.2026

Бекболат Меркемелиденов (1891, Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 1963, Ерейментау станциясы) – халық ақыны.

Бала кезінен бастап оқуды үйреніп, Шығыс классиктерінің шығармаларына, фольклорына қызығушылық танытты. Меркемелиденов қазіргі Ерейментау ауданы аумағында өткен 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліске белсенді түрде қатысты. 1923 жылы Петропавлдегі мұғалімдер курсында білім алды. 1924 – 56 жылдары Қарағанды, Павлодар, Ақмола облыстарының мектептерінде сабақ берді. Бозбала шағынан бастап айтыстарға қатысып, өлең жазып, терме шығарды. Меркемелиденов облыстық айтысты ұйымдастыруға мұрындық болып (1944), онда жергілікті айтыс ақындары Есіл ауданының ақыны Байқошқаровпен, Еңбекшілдер ауданының ақындары (қазіргі Ерейментау ауданы) Қ.Төрегелдинов және А.Әлжановпен айтысты. Республика ақындар мәжілісінде (1961) өзінің арнау-өлеңін оқып, сөз сөйледі. Бұл арнау-өлең «Ақындар жыры» (1963) жинағына енді. «Ереймен» атты өлеңі «Пернедегі термелер» (1965) жинағында жарияланды.

Дереккөздер

Шежіредегі орны