Shejire

Бақсары Райжанұлы

ТұлғаЖаңартылған: 14.09.2026

Бақсары Райжанұлы (1680, қазіргі Ресей Федерациясы, Қорған облысы, Манушин ауданы — 1779, сонда) — батыр. Керей руының ашамайлы тармағынан шыққан. 1700–1760 жылдары Еділ және Жоңғар қалмақтарының шапқыншылығынан мұсылман жұртшылығын (қазақ, ноғай, қарақалпақ, башқұрт, татарларды) қорғау жолында аты кең тарады. Бақсары батыр туралы Жанкісі Көшекұлы (1734–1817), Жанақ Жаңабатырұлы (1768–1850), Сегіз сері Шақшақұлының (1818–1854), т.б. 7 нұсқалы тарихи жыр, қиссалары, Балуан Шолақтың “ақсары ата” деген әні сақталған. Батырдың атында елді мекен, темір жол бекеті және көл бар.

Дереккөздер

Шежіредегі орны