Бақсай бөгені
ТарихЖаңартылған: 15.09.2026
Бақсай бөгені, Атырау облысы Махамбет ауданында.
Жайық алабындағы Бақсай өз. бойында 1929 ж. салынған. Бөгенге су көктемдегі қар суынан жиналады. Б. б. 20 мың га жайылым мен шабындық жерді суландырады. Мал азығының мол қорын жасауда оның маңызы зор.