Байтулақ батыр кесенесі
Байтулақ батыр — Кенже елінің өз заманындағы басты батыры, ел арысы, биі болған.
Аңыз
1846 жыл. Орыс-казактар: «Берегитесь от криво-саблевого Байтулака!» – «Қайқы қылышты Байтулақтан сақтаныңдар!» деп отряд бастықтарына ескертулер жасап отырған делінеді. Ер Байтулақтың зираты 1916/1917 жылдары ашаршылық, қуғын-сүргін жылдарында көпке пана да болыпты. Сарқан қаласының солтүстігінде 20 шақырымдай жер «Байтулақ жазығы» деп аталыпты. Ел ішінде «Байтулақтың асында шаппағанда, байқұлақтың тойында шабасың ба?» — деген сөз қалған. Оған себеп, Байтулақ батырдың асында ат бәйгесі ұзақтан жіберіліп, атқа шапқан алты бала қаза болып, мәреге жүздеген аттан бес-алты ат қана жетіпті. Байтулақтың зиратына бесіктің ілінгені сондықтан екен.
Жерленген жері
Ер Байтулақтың кесенесі қазіргі Ақсу ауданы Кеңқарын мен Басқан ауылдары аралығында «Тақия (өсімдік атауы)» деген киелі жерде орналасқан. Ол жерді қазір көпшілік «Қарауыл» деп атайды. Ер Байтулақ: «Қарауыл тұмсығына жерлеңдер! Не елу үй Садыр-Қарлығаштың аты шығар, не менің есімім аталар!» депті көз жұмар алдында. Мазарды салған ісмер ақын Сараның әкесі Сұлтанбектің (Тастанбек) әкесі Жанқұлы екен.