Shejire

Байқұлақ шешен

ТарихЖаңартылған: 15.09.2026

Байқұлақ шешен (туған-өлген жылы белгісіз) - Абайдың замандасы. Өз ортасына шешендікпен аты шыққан адам. Жуантаяқ-Тобықты руынан. Абай оны сөз тапқырлығы, шешендігі үшін құрмет тұтқан. Мағауия қайтыс болғанда, Байқұлақ шешен бір топ адамды бастап келіп, ақынға:

«Ақсұңқар қолдан ұшты, Бәрінен құдайдын құдыреті күшті» - деп көңіл айтады. Сонда Абай:

«Бұл Мағыш маған да жоқ, саған да жоқ, Мағыштай бала тумас көңілге тоқ. Аз күңде дүниеден мен де кетем, Маған да зар боларсың, жиылған топ» - деп, алдағы күнге көңілсіз болжау жасайды. Осыдан 40 күн өткен соң ақын дүние салған.

Дереккөздер