Әулие аңғары
ТарихЖаңартылған: 15.09.2026
Әулие аңғары-9–12 ғасылардан сақталған көне қала орның Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында орналасқан. 1938 жылы Жетісу археологикалық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам) зерттеген. Қала жұрты екі алаңды алып жатыр. Биіктігі 8–9 метр Батыс алаңның ұзындығы 105 м. Шығыс алаң батыстан шығысқа қарай 100 метр, солтүстен оңтүстіке қарай 120 метр аумақты алып жатыр. Батыс алаңның айнала шетінде топырақ дуалдың сілемі сақталған. Ортада шағын дөңгелек төбе бар, аумағы 20 метр2-ге жуық. Шығыс алаң түгелімен тастан үйілген. Шет жағында ірі тастардан қаланған дуалдар кездеседі. Алаңның ортасында су шайып кеткен шағын төбелер бар.