Арыстанды мәдениеті
ТарихЖаңартылған: 15.09.2026
Арыстанды мәдениеті - Қазақстанда (жалпы Еуразияда) табылған ең көне археологиялық мөдениет. Қарапайым тасмалта құралдармен сипатталып, олдувай мәдениетіне сәйкес келеді. Үлкен Қаратау жотасындағы Арыстанды өзенінің жағалауынан Х.Алпысбаев (1959) тапқан Маңғыстау қаратауындағы Шақпақата тұрағында табылған тасмалта құралдар да осы мәдениеттің жәдігерлері. Олардың жасы 2 млн жыл деп шамаланады.