Арқабай Өтеғұлұлы
Арқабай Өтеғұлұлы (1699, Талғар ауданы, Жайық мекені – 1781, сонда) — би. Тегі Дулат руының Ботбай тармағынан шыққан. Арқабай "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама "атанған алапат кезеңде ел бірлігінің, рулар ынтымағының ұйытқысы больш, ағайын-туыстарын Сәмен батырдың туы астына жия білген. Өзінің інісі Көтентай - Жетісу өлкесін жоңғар басқыншыларынан қорғау ісінде атақ-даңқы шыққан тарихи тұлғалардың бірі. Арқабайдың баласы Шалабай да 1743, 1755 жылдардағы қазақ-жоңғар шайқастарында ерлігімен танылып, батыр атанған. Көтентай өзенінің жоғарғы сағасында, Жетісу Алатауының етегіне таман орналасқан бидің ата қонысы қазір "Арқабай ауылы" деп аталады. Арқабайдың зираты сол маңайдағы Ботбай қорымында. Ұрпақтары қазақ Талғар ауданындағы ата жұртының төңірегінде, сондай-ақ, Қырғыз жерінде, Жамбыл облысында тұрады.