Shejire

Аркадий Иванович Зазубин

ТұлғаЖаңартылған: 14.09.2026

Аркадий Иванович Зазубин (21.11.1916 жыл, Ресей, Мәскеу облысы Казанское селосы –14.6.1983 жыл, Алматы қаласы) – техника ғылымдарының докторы (1973), профессор (1977), Қазақстан ғылым академиясының корресподенттік мүшесі (1983), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1976).

Өмірбаяны

Қазақ тау-кен және металлургия институтын (1942, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. Павлодар облысындағы Майқайың алтын тресіне қарасты зауыт бастығы Қазақ тау-кен институтының ассистенті (1942–44) Тәжікстандағы Чорух–Дайран вольфрам кені басқармасында техникалық бақылау бөлімінің бастығы (1944–49) Қазақстан ғылым академиясының Металлургия және кен байыту институтында кіші ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі (1949–83) болды.

Ғылыми еңбектері

Ғылыми еңбектері түсті, асыл және сирек металдар металлургиясына арналған. Зазубин Аркадий Иванович кен құрамындағы алюминий, сирек металдарды бөліп алуға арналған теориялық зерттеулерге басшылық етті. Осы салада арнайы әдістер ұсынып, өте тиімді технологиялық жобалар жасады. Оның басқаруымен электрохимияның жаңа саласы – галламдық металлургия негізделді. Жаңа технология негізінде металдық галлий шығарып алынды, анодтық реакция ингибириясының теориясы жасалынды.

Марапаттары

КСРО мемлекеттік сыйлығы лауреаты (1978). «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

Шежіредегі орны