Shejire

Аралтөбе (жайлау)

ТарихЖаңартылған: 15.09.2026

Аралтөбе – Алматы облысы Кербұлақ, Қаратал және Көксу аудандары тұрғындарының жаз айларында пайдаланатын жайлауы. Жайлаудың ауданы 150 мың га, ұзындығы 84 км, ені 18 км. Солт-нде Ескелді ауданымен, шығысында Шағанмен, оңтүстігінде Панфилов ауданымен шектеседі. А. жайлауы арқылы Көксу, Кескентерек, Көктал өзендері ағып өтеді. Жайлаудың шөбі шүйгін, дәнді шабындық өсімдіктер өседі.

Дереккөздер