Shejire

Арал балық өңдеу зауыты

ТарихЖаңартылған: 15.09.2026
Aral Balyk: a fish factory located in the Aral district of Kyzylorda region, Republic of Kazakhstan.
Mahonty13 · CC BY-SA 3.0

Арал балық өндіру зауыты

Арал балық өндіру зауыты - Қызылорда облысының Арал ауданында орналасқан жеке меншік зауыт. Зауыттың құрылысы 2007 жылы басталып, 2009 жылдың қаңтарында іске қосылған. Зауыттың ең басты міндеті - балықты өңдеу.bӨндіріс орнына балықты сақтайтын арнайы мұздатқыштар, тұздау және қақтау камералары, сұрыптау және балық қабылдау, жуу цехтары, дайын өнімді қаптау бөлмелері кіреді.

Зауыт өнімдері

Шығарылатын өнім түрлері: көксерке, сазан, жайын, шортан, дөңмаңдай, камбала, ақмаңдай, табан, аққайран балық өнімдері ( аз тұздалған, маринадталған, кептірілген. Арал зауыты жылына 6000 тонна әр түрлі балық өнімін өндіреді. Тәулігіне 5 тонна балық шикізатының жон етін (филе), 1 тонна фарш өндіреді және 15 тонна балық тұздайды. Зауыт өз өнімдерін Германия, ТМД елдері және Турцияға экспорттайды.

Зауыт жұмыскерлері

Зауытта қазіргі таңда 75 адам жұмыс жасайды. Жұмысшылардың орташа жалақысы 50000-100000 теңге аралығында. Балықтардың уылдырық шашу кезеңіне байланысты шілде мен тамыз айларында зауыттың жұмысы тоқтатылады.

Дереккөздер