Shejire

Аққұяш

ТарихЖаңартылған: 15.09.2026
View of the Mazar of Shaikh Ahmad Yasavi in the Town of Turkestan. This image comes from the Russian Illustrated Magazine 'Niva' and was originally published c.1879.
Public domain

Аққұяш – Жетісу өңіріндегі көне қала атауы.

Тарихи деректер

М. Қашқаридың жазуына қарағанда, Іле алқабында XI ғасырда болған. Академик В. Бартольд Аққұяшты "Іле" деп жорамалдайды. Ал екінші бір зерттеуінде Саид хан VI ғасырдың 30-40 жылдарында қырғыздар мен қазақтар арасындағы қайшылықты пайдаланып, оларға соққы беру үшін Ақсу қаласынан Аққұяшқа келді десе, енді бірде Құяш–Шағатай ханның Іле алқабындағы жайлауы, ол Алмалы қаласына жақын, оның жанына хан Құтлық (Бақыт) қыстағын салғызды деп жазады. Құяш деген сөз түрікше "күн" деп түсіндіріледі. Қашғаридың жазбаларында да XI ғасырда Іле алқабындағы Құяш деген қала туралы мөліметтер кездеседі. Саблығқұяш, Қарақұяш, Өрүңқұяш деген үш қамал болған. Олардың төңірегін тұха, шігіл тайпалары мекендеген. Ал Мұхаммед Хайдар Дулатидің "Тарих-и Рашиди" деген еңбегіндегі дерек бойынша Аққұяшта моғол ханы Есенбұға тұрған. Оны бұл жерден Султан Сайид Эли іздеп тапқандығы хабарланады. Бұл қалада 1425 жылы моғол әскерлерінің соңына түскен Ұлықбек те болғандығы айтылады. Осы деректерге қарағанда Аққұяш Қарахан мемлекеті кезінен белгілі болған қала.

Дереккөздер

Дереккөз: https://kk.wikipedia.org/wiki/Аққұяш

Бұл мәтін көрсетілген дереккөзден бейімделген; CC BY-SA лицензиясы бойынша пайдаланылады.

Мәліметтер

Қалануы
XI ғасыр
Қазіргі жері
 Қазақстан, Жетісу облысы
Батыс Қазақстан
Ақтөбе-Лаэти | Жайық | Сарайшық | Шерғала
Шығыс Қазақстан
Астұр | Бенжар | Дамурия | Дахлан | Сарауыс
Орталық Қазақстан
Алашахан | Аяққамыр | Басқамыр | Көк кесене | Орда-базар
Оңтүстік Қазақстан
Адахкес | Аққорған | Алмату | Аркук | Асанас | Баладж-от | Баршынкент | Битянь | Екіөгіз | Жанкент (Янгикент) | Жент | Жетіасар | Жуантөбе (Арсубаникет) | Жікіл…
Солтүстік Қазақстан
Ақкөл-Жайылма (Әулиекөл) | Бозоқ | Қаған-Қимақ | Қимақия | Сисан | Торғай